Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Володар ауылдық округі әкіміне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау және таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі N 330 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 қазанда N 3900 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 327 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 05.10.2017 № 327 қаулысымен (бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1-қосымшаға сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Володар ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын.
      2. 2-қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Володар ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттарға таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай шарттық негізде ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппарат басшысы Әли Әнасұлы Ғаббасовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының әкімі
А.Тастеміров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Айыртау аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
2016 жыл 16 қыркүйек
Е.А. Мерғасымов

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 330 қаулысына 1- қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Володар ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын
ОРЫНДАР

№ р/с
 

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1.

Саумалкөл ауылы

"Детский мир" дүкені ғимараты жанында, Достық және М.Янко көшелері қиылысында (келісім бойынша)


  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 330 қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында Володар ауылдық округі әкіміне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесуі үшін үй-жайлардың
ТІЗІМІ

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай

1.

Саумалкөл ауылы

Саумалкөл ауылы, "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының оқу залы, Ақан Сері көшесі № 31 үй


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады