"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабы 3-тармағына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
1) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 171 "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4211 болып тіркелген, 2017 жылдың 15 маусымдағы "Айыртау таңы", "Айыртауские зори" газеттерінде жарияланған);
2) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 244 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізуі үшін үй-жай ұсыну туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4277 болып тіркелген, 2017 жылдың 3 тамыздағы "Айыртау таңы", "Айыртауские зори" газеттерінде жарияланған);
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә.Ә. Ғаббасовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Тастеміров |