Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 171 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 маусымда № 4211 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 373 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 16.11.2017 № 373 қаулысымен (бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1-қосымшаға сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықталсын.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылармен кездесулер үшін үй-жай шарттық негізде ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппарат басшысы Ә.Ә. Ғаббасовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының әкімі
А.Тастеміров
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Айыртау аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
Е.А. Мерғасымов
      2017 жыл 29 мамыр

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 171 қаулысына 1- қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын

1.

Саумалкөл ауылы

"Кристалл" дүкені ғимараты жанында, Достық және М.Янко көшелері қиылысында (келісім бойынша)

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 171 қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулер өткізу үшін үй-жай

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай

1.

Саумалкөл ауылы

"Нұр Отан" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық филиалының мәжіліс залы, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 42 "А"


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады