Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің 10.07.2017 № 10 шешімімен (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 08-08/145 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі Шөптікөл ауылының "Жан-Сал" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында жылқылар арасында жұқпалы ринопневмония ауруының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | А. Әжібаев |