Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі әкімінің 06.09.2017 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспекторының 2017 жылдың 21 сәуіріндегі № 10-13/43 ұсынысы негізінде, Солтүстік-Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі Новорыбинка ауылындағы "Агротехника Жамбыл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі мүйізді малдың жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея ауруларының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | М. Сердалинов |