Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі Новорыбинка ауылындағы "Агротехника Жамбыл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 06 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 маусымда № 4229 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі әкімінің 06.09.2017 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспекторының 2017 жылдың 21 сәуіріндегі № 10-13/43 ұсынысы негізінде, Солтүстік-Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі Новорыбинка ауылындағы "Агротехника Жамбыл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі мүйізді малдың жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея ауруларының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі М. Сердалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады