Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі Новорыбинка ауылындағы "Агротехника Жамбыл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 4307 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспекторының 2017 жылдың 24 шілдедегі № 10-13/73 ұсынысы негізінде, Солтүстік-Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі әкімінің міндеттерін атқарушы ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі Новорыбинка ауылындағы "Агротехника Жамбыл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі мүйізді малдың жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея ауруларының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі Новорыбинка ауылындағы "Агротехника Жамбыл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 09 маусымындағы № 06 шешімінің (2017жылдың 23 маусымында № 25 "Ауыл арайы" және" Сельская новь" аудандық газеттерінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылдың 19 маусымында № 4229 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Е. Тарасова
      Жамбыл ауданы
      Кладбинка ауылдық округі
      әкімінің міндеттерін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады