"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспекторының 2017 жылдың 24 шілдедегі № 10-13/73 ұсынысы негізінде, Солтүстік-Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі әкімінің міндеттерін атқарушы ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі Новорыбинка ауылындағы "Агротехника Жамбыл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі мүйізді малдың жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея ауруларының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі Новорыбинка ауылындағы "Агротехника Жамбыл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 09 маусымындағы № 06 шешімінің (2017жылдың 23 маусымында № 25 "Ауыл арайы" және" Сельская новь" аудандық газеттерінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылдың 19 маусымында № 4229 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | Е. Тарасова |
Жамбыл ауданы | |
Кладбинка ауылдық округі | |
әкімінің міндеттерін атқарушы |