Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 17.04.2019 № 49/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізбесінде 2012 жылғы 23 қазанда № 1908 тіркелген, 2012 жылғы 9 қарашадағы "Знамя труда" аудандық газетте, 2012 жылғы 23 қарашадағы "Солтүстік Жұлдызы" аудандық газетте жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
Нұсқалған шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
Қағиданың 3 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"3.Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі анықталды.";
Қағиданың 6 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
"1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (қызмет алушының жеке басын идентификациялау үшін ұсынылады);";
Қағиданың 6 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
"3) мекенжай анықтамасы немесе өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.