"Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 15/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 маусымда № 4201 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 49/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 17.04.2019 № 49/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізбесінде 2012 жылғы 23 қазанда № 1908 тіркелген, 2012 жылғы 9 қарашадағы "Знамя труда" аудандық газетте, 2012 жылғы 23 қарашадағы "Солтүстік Жұлдызы" аудандық газетте жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін:

      Нұсқалған шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасында (бұдан әрі – Қағида):

      Қағиданың 3 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "3.Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі анықталды.";

      Қағиданың 6 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (қызмет алушының жеке басын идентификациялау үшін ұсынылады);";

      Қағиданың 6 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "3) мекенжай анықтамасы немесе өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
мәслихатының сессия
төрағасы
Д. Прелгаускас
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
мәслихатының хатшысы
Р. Нұрмұқанова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
әкімдігінің жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
В. Артимович
      2017 жылғы 12 мамыр
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар
көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Қ. Әмірин
      2017 жылғы 12 мамыр
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
әкімдігінің экономика және
қаржы бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
А. Биктимиров
      2017 жылғы 12 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады