"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Тайынша ауданының Абай ауылдық округі Қарағаш ауылындағы Школьная көшесі Сұңғат Хамидуллин атындағы көше болып қайта аталсын.
Ескерту. 1-тармаққа орыс тілде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 21.09.2017 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | К. Ысқақов |