"Тайынша ауданы Абай ауылдық округі Қарағаш ауылының көшесін қайта атау туралы" Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 01 наурыздағы №1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қазанда № 4338 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес Тайынша ауданы Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Тайынша ауданы Абай ауылдық округі Қарағаш ауылының көшесін қайта атау туралы" Абай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 01 наурыздағы №1 шешіміне (2017 жылдың 30 наурыздағы №4123 нормативтік құқықтық актілердін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірдегі №16 "Тайынша таңы", 2017 жылғы 28 сәуірдегі №16 "Тайыншинские Вести" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақта орыс тілде "на улицу Сунгата Хамидуллина" сөздері "на улицу имени Сунгата Хамидуллина" сөздерімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі К. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады