Тайынша ауданы Абай ауылдық округі Қарағаш ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округінің әкімі 2017 жылғы 1 наурыздағы № 1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 наурызда № 4123 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Тайынша ауданының Абай ауылдық округі Қарағаш ауылындағы Школьная көшесі Сұңғат Хамидуллин атындағы көше болып қайта аталсын.

      Ескерту. 1-тармаққа орыс тілде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 21.09.2017 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі К. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады