Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Ақтүйесай ауылдық округі әкімінің 12.10.2018 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының 2017 жылғы 08 тамыздағы №16-11/154 ұсынымы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округі Қондыбай ауылы аумағында орналасқан ірі қара мал бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс - шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімінің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А. Хасенов |