Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 3 мамырдығы №17-07/104 ұсынысы негізінде Ақтүйесай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округі Қондыбай ауылы аумағында орналасқан ірі қара мал бруцеллезіне іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтүйесай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 қазанындағы №8 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округі Қондыбай ауылы аумағында орналасқан ірі қара мал бруцеллезіне іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4356 тіркелген, 2017 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын. .
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Ақтүйесай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы |
Ү. Хасенова |