Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округі Қондыбай ауылы аумағында орналасқан ірі қара мал бруцеллезіне шектеу іс – шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 қарашада № 4356 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Ақтүесай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Ақтүйесай ауылдық округі әкімінің 12.10.2018 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының 2017 жылғы 08 тамыздағы №16-11/154 ұсынымы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округі Қондыбай ауылы аумағында орналасқан ірі қара мал бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс - шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімінің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Хасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады