1. Атырау қаласы әкімінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 13 "Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (бұдан әрі - Шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3118 болып тіркелген, облыстық "Атырау" газетінде 2015 жылы 7 наурызда жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
қосымшаның:
1) 3-тармағындағы "Атырау қаласы, И. Тайманов көшесі, № 1 А, "Атырау жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты" деген мәтін "Атырау облысы, Атырау қаласы, Тайманов көшесі, № 1а үй "Спецавтобаза" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты" деп жаңа редакцияда мазмұндалсын;
2) 41-тармағындағы "Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, № 115, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты" деген мәтін "Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, № 78 үй, "Қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "А. Чехов атындағы № 14 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты" деп жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Атырау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы П. Хасановқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Шапкенов |
КЕЛІСІЛДІ: Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) "10" ақпан 2017 ж. |
А. Абдолов |