Атырау қаласы әкімінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 13 "Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қала әкімінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 4 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 ақпанда № 3788 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау қаласы әкімінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 13 "Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (бұдан әрі - Шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3118 болып тіркелген, облыстық "Атырау" газетінде 2015 жылы 7 наурызда жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      қосымшаның:
      1) 3-тармағындағы "Атырау қаласы, И. Тайманов көшесі, № 1 А, "Атырау жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты" деген мәтін "Атырау облысы, Атырау қаласы, Тайманов көшесі, № 1а үй "Спецавтобаза" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты" деп жаңа редакцияда мазмұндалсын;
      2) 41-тармағындағы "Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, № 115, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты" деген мәтін "Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, № 78 үй, "Қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "А. Чехов атындағы № 14 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты" деп жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Атырау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы П. Хасановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі С. Шапкенов
      КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша)
"10" ақпан 2017 ж.
А. Абдолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады