Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 27.04.2017 № 268 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7)-тармақшасына және Атырау облысы Атырау қаласы Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 04/395 ұсынысы бойынша Қайыршақты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара мал арасында құтыру ауруының пайда болуына байланысты Қайыршақты ауылдық округі "Шағырлы" елді мекені "Ақбота" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қайыршақты ауылдық | |
округі әкімі | Ш. Қалиев |