"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 8)-тармақшасына және Атырау облысы Атырау қаласы Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 18 наурыздағы № 01-6/93 ұсынысы бойынша Қайыршақты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 23 "Қайыршақты ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3779 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қайыршақты ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Жайбосыновқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қайыршақты ауылдық | |
округі әкімі | Ш. Қалиев |