Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 20.03.2024 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 165 "Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3666 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінде 2016 жылғы 10 қарашада жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. Ұйымдардың тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Мақат ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Гумаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Сәрсенгалиев |