Мақат ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 43 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 20 наурызда № 5162-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан РеспубликасыЗаңының 27-бабына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мақат ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Мақат ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақат ауданының әкімі Р. Ибрагимов

  Мақат ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 20 наурыздағы
№ 43 қаулысына қосымша

Мақат ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 165 "Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген);

      2. Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 104 "Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 165 "Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3903 болып тіркелген);

      3. Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 192 "Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 165 "Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3985 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады