"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Қиғаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қиғаш ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 мамырдағы №10 "Көшелерге атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3863 тіркелген, 2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің қосымшасына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) қосымшадағы мазмұнының "ауылындағы" сөзінен кейін "және Дина Нұрпейісова елді мекеніндегі" сөздерімен толықтырылсын;
2) қосымшадағы 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Дина Нұрпейісова елді мекеніндегі № 1 көшеге – "Сұлтан Бейбарыс" есімі берілсін".
2. Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | А. Зиноллаев |