"Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде, Қиғаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қиғаш ауылдық округінің Қиғаш ауылындағы көшелеріне қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Ж. Джанканов |
Қиғаш ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "4" мамырдағы № 10 шешіміне қосымша |
Қиғаш ауылындағы және Дина Нұрпейісова елді мекеніндегі көше атауларының тізімі:
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылдық округінің 11.09.2017 жылғы № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1) Дина Нұрпейісова елді мекеніндегі № 1 көшеге – "Сұлтан Бейбарыс" есімі берілсін;
2) № 2 көшеге- "Бейбітшілік" атауы;
3) № 3 көшеге- "Бөкей хан" есімі;
4) № 4 көшеге- "Егемен Қазақстан" атауы;
5) № 5 көшеге- "Сәкен Сейфуллин" есімі;
6) № 6 көшеге- "Жастар" атауы;
7) № 7 көшеге- "Сұлтанмахмұт Торайғыров" есімі;
8) № 8 көшеге- "Шәмші Қалдаяқов" есімі;
9) № 9 көшеге- "Бейімбет Майлин" есімі;
10) № 10 көшеге- "Сейіт баба" есімі;
11) № 11 көшеге- "Жамбыл Жабаев" есімі;
12) № 12 көшеге- "Сырым Датов" есімі;
13) № 13 көшеге- "Әйтеке би" есімі;
14) № 14 көшеге- "Мақаш әкім" есімі;
15) № 15 көшеге- "Халықтар достығы" атауы;
16) № 16 көшеге- "Азаттық" атауы;
17) № 17 көшеге- "Мұқағали Мақатаев" есімі.