Түркістан облысының Қаратау тауы жоталарында Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғаудың экологиялық дәлізін құру туралы

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 5 маусымдағы № 149 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 16 маусымда № 4124 болып тiркелдi

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 28.04.2022 № 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 28.04.2022 № 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Түркістан облысының Қаратау тауы жоталарында жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймай жалпы алаңы – 287521,4 гектар, оның ішінде: Бәйдібек ауданында – 129429,9 гектар, Созақ ауданында – 59996,7 гектар, Түлкібас ауданында – 34409,5 гектар және Сауран ауданында – 63685,3 гектар Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғаудың экологиялық дәлізі құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 28.04.2022 № 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялануына жолдануын;

      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Қ.Бөкенбаев
      Б.С.Жамалов
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      А.С.Сәбитов
      К.Н.Меңдебаев

О создании экологического коридора для обеспечения миграции Каратауских архаров на хребтах гор Каратау Туркестанской области

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 5 июня 2017 года № 149. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 16 июня 2017 года № 4124

      Сноска. Заголовок постановления - в редакции постановления акимата Туркестанской области от 28.04.2022 № 78 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 81 Закона Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях", акимат Туркестанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления акимата Туркестанской области от 28.04.2022 № 78 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Создать экологический коридор для обеспечения миграции Каратауских архаров на хребтах гор Каратау Туркестанской области, общей площадью – 287521,4 гектара, из них: в районе Байдибек – 129429,9 гектара, в Сузакском районе – 59996,7 гектара, Тюлькубасском районе – 34409,5 гектара и в районе Сауран – 63685,3 гектара без изъятия у землепользователей и собственников земельных участков.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления акимата Туркестанской области от 28.04.2022 № 78 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Южно-Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:

      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Джамалова Б.С.

      Аким области Ж.Туймебаев
      Сатыбалды Д.А.
      Тургумбеков А.Е.
      Бокенбаев Ж.К.
      Джамалов Б.С.
      Садыр Е.А.
      Садибеков У.
      Сабитов А.С.
      Мендебаев К.Н.