Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 28.04.2022 № 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 28.04.2022 № 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Түркістан облысының Қаратау тауы жоталарында жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймай жалпы алаңы – 287521,4 гектар, оның ішінде: Бәйдібек ауданында – 129429,9 гектар, Созақ ауданында – 59996,7 гектар, Түлкібас ауданында – 34409,5 гектар және Сауран ауданында – 63685,3 гектар Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғаудың экологиялық дәлізі құрылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 28.04.2022 № 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялануына жолдануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
Д.А.Сатыбалды | |
Ә.Е.Тұрғымбеков | |
Ж.Қ.Бөкенбаев | |
Б.С.Жамалов | |
Е.Ә.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
А.С.Сәбитов | |
К.Н.Меңдебаев |