Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң "Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау тауы жоталарында Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғаудың экологиялық дәлізін құру туралы" 2017 жылғы 5 маусымдағы № 149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 78 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 мамырда № 27911 болып тiркелдi

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң "Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау тауы жоталарында Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғаудың экологиялық дәлізін құру туралы" 2017 жылғы 5 маусымдағы № 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4124 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Түркістан облысының Қаратау тауы жоталарында Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғаудың экологиялық дәлізін құру туралы";

      көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Түркістан облысының Қаратау тауы жоталарында жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймай жалпы алаңы – 287521,4 гектар, оның ішінде: Бәйдібек ауданында – 129429,9 гектар, Созақ ауданында – 59996,7 гектар, Түлкібас ауданында – 34409,5 гектар және Сауран ауданында – 63685,3 гектар Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғаудың экологиялық дәлізі құрылсын.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады