Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 28.04.2023 № 2/27-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 30/350-ІІІ "Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1952-нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 12 наурыздағы "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі комиссиясының шешімі негізінде азаматтардың республикалық деңгейде қымбат бағалы медициналық қызметтер және жоғары технологиялы медициналық қызметтер алуы жағдайында жүргізілсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Қ.Абасов |
Облыстық мәслихат | |
хатшысы | Қ.Балабиев |