Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 28.04.2023 № 2/27-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.29 N 41/409-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен емделу үшін Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына Қазақстан Республикасы бойынша елді мекен шегінен тыс жерлерге тегін жол жүру берілсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі комиссиясының шешімі негізінде азаматтардың республикалық деңгейде қымбат бағалы медициналық қызметтер және жоғары технологиялы медициналық қызметтер алуы жағдайында жүргізілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 23.10.2017 № 15/193-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуға тиісті келесі құжаттар негізінде жол жүру ақысын төлеу емделу орнынан келген күннен екі ай мерзімінен кешіктірілмей жүзеге асырылсын:
1) СТТН, пошталық мекен-жайы немесе ақша қаражаты аударылатын банкінің реквизиттері көрсетілген өтініші;
2) жеке куәліктің және/немесе туу туралы куәлiгiнің көшірмесі;
3) белгіленген үлгідегі емделуге жолдаманың көшірмесі;
4) медицина ұйымының дәрігерлік-бақылау комиссиясының науқасты алып жүру қажеттілігі туралы қорытындысы;
5) емді қабылдағаны туралы науқас тарихынан көшірме;
6) бару фактісін растайтын, науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның атына рәсімделген жол билеттері, ал олар жоғалған жағдайда емделу орнына дейін және кері қайта жол жүргенін растайтын анықтама.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.29 N 41/409-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.4. Науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның жол жүру ақысын екі жаққа жүруіне әуе, темір жол көлігінде жүрдек поездың купе вагоны билетінің құны мөлшерінен аспайтын, ал қалааралық автомобиль көлігінде - нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізілсін.
Ескерту: 4 тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 31 мамырдағы N 33-368-III шешімімен.5. Емделуге жол жүру ақысын төлеу алушының таңдауы бойынша ақшаны поштамен аудару арқылы немесе салымдар бойынша науқастардың және оларды ертіп баратын тұлғалардың банктегі жеке немесе карточкалық шоттарына кіргізу арқылы Оңтүстік қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы жүзеге асырады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.29 N 41/409-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.6. Шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
Облыстық мәслихат сессиясының хатшысы |