Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 13.11.2017 № 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 26 тамыздағы № 437 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3850 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 1 қазанда "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасары Р.Мыңбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Кентау қаласының әкімі | Ә.Мақұлбаев |
Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 106 қаулысына 1 қосымша |
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
№ | Қала атауы | Мектепке дейiнгi мекемелердегi орын саны | Оның iшiнде | |
Республикалық бюджет есебiнен | Жергiлiктi бюджет есебiнен | |||
1 | Кентау қаласы | 4158 | 2525 | 1633 |
Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 106 қаулысына 2 қосымша |
Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшерi
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |
Бөбекжай-балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық |
20544,15 | 16826 |
Ғимаратты жалға алып отырған бөбекжай-балабақшалар үшін | |
22685,14 |
Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 106 қаулысына 3 қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшерi
Барлығы | 3 жасқа дейінгі күнiне бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | 3-7 жас аралығындағы күнiне бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) |
291,00 | 357,00 |
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.