Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 26 тамыздағы № 437 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 19 қыркүйекте № 3850 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 106 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 26.04.2017 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасары Р.Мыңбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Кентау қаласының әкімі Ә. Мақұлбаев

  Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 26 тамыздағы
№ 437 қаулысына 1 қосымша

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы


Қала атауы

Мектепке дейiнгi мекемелердегi орын саны

Оның iшiнде

республикалық бюджет есебiнен

жергiлiктi бюджет есебiнен

1

Кентау қаласы

4068

2435

1633

      

  Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 26 тамыздағы
№ 437 қаулысына 2 қосымша

Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшерi

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге

Бөбекжай-балабақша

Мектеп жанындағы шағын орталық

20399

14908

      

  Кентау қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 26 тамыздағы
№ 437 қаулысына 3 қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшерi

Барлығы

3 жасқа дейінгі күнiне бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

3-7 жас аралығындағы күнiне бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

291,00

357,00

      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады