1. Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 6 қыркүйектегi № 338 "Сайрам ауданында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн орындарды белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 3847 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қыркүйектегі "Мәртөбе" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Сайрам ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
2) осы қаулыны Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Олжаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | С.Сапарбаев |