Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 6 қыркүйектегi № 338 "Сайрам ауданында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн орындарды белгiлеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 22 мамырдағы № 201 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 29 мамырда № 4111 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8 тармағына сәйкес Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 6 қыркүйектегi № 338 "Сайрам ауданында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн орындарды белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 3847 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қыркүйектегі "Мәртөбе" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Сайрам ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
      2) осы қаулыны Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Олжаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі С.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады