Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 27.12.2018 № 33-219/VI шешiмiмен (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сайрам ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 43-303/V "Сайрам ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 14 шілдеде № 3238 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Мәртөбе" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | С. Мирзаев |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Ж. Сүлейменов |