Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29.06.2017 № 16-113/VI шешiмiмен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сайрам ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | М.Сиддиков |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Ж.Сүлейменов |