Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстiк Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 16/87-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 11 шілдеде № 4140 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса тіркелген Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Д.Айтпаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров

  Төлеби аудандық мәслихатының
2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 16/87-VІ шешімімен бекітілген

Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы
Ереже

      1. Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында жасалды.

      2. Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Грамота) Төлеби ауданының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқаны, аудан көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі қызметте, мемлекеттік және әскери қызметте, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметтерде, қоршаған ортаны қорғауда, өзге өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуде, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда қол жеткізген нақты нәтижелер мен қоғамдық мойындауға қол жеткізгені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

      3. Төлеби аудандық мәслихатына Грамотамен наградтауға ұсынымды Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары, Төлеби ауданының әкімі, Төлеби ауданының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, Төлеби ауданының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.

      4. Ұсынымға Грамотамен наградталатын кандидаттардың аудан алдындағы нақты еңбектері мазмұндалған белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы қоса беріледі.

      5. Төлеби аудандық мәслихатына келіп түскен ұсынымдарды алдын-ала қарау және Грамотамен наградтау туралы ұсынысты дайындауды Төлеби аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірі жүзеге асырады.

      6. Егер ұсыным берілген кандидатура немесе наградтау материалдары осы ережемен белгіленген талаптарға жауап бермесе, ол ұсыныс сессияның қарауына енгізілмейді.

      7. Грамотамен наградтау туралы шешім Төлеби аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      8. Грамотамен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудан халқына жеткізіледі.

      9. Грамотамен қайта наградтау жүргізілмейді.

      10. Грамота Төлеби аудандық мәслихатының хатшысымен немесе соған уәкілдік берілген тұлғалармен Төлеби аудандық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Төлеби ауданының өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етіледі.

      Грамотаны тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Толебийского района

Решение Толебийского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 20 июня 2017 года № 16/87-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 11 июля 2017 года № 4140

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Толебиский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое положение о награждении Почетной грамотой Толебийского района.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата Д.Айтпаев
      Секретарь районного маслихата Н.Койбагаров

  Утверждено решением
Толебийского районного
маслихата от 20 июня
2017 года № 16/87-VІ

Положение
о награждении Почетной грамотой Толебийского района

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой Толебийского района разработано в целях реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      2. Почетной грамотой Толебийского района (далее – Грамота) награждаются граждане, трудовые коллективы и организации в знак признания заслуг перед Толебийским районом, внесшие значительный вклад в его социально-экономическое развитие, добившиеся общественного признания и конкретных результатов по району в сфере производства, бизнесе, образовании, здравоохранения, науке, культуре, творчестве, спорте, обеспечении законности, охране общественного порядка, в деятельности по обеспечению и защите прав и свобод граждан, на государственной и воинской службе, в общественно-политической и благотворительной деятельности, защите окружающей среды, расширении культурных и экономических связей с другими регионами, укреплении межнационального согласия и дружбы между народами.

      3. Представления к награждению Грамотой вносят в Толебиский районный маслихат депутаты Толебийского районного маслихата, аким Толебийского района, руководители территориальных подразделении центральных государственных органов, действующих на территории Толебийского района, коллегиальные органы общественных и религиозных объединений Толебийского района.

      4. К представлению прилагается наградной лист установленного образца, в котором излагаются конкретные заслуги перед районом кандидатов к награждению Грамотой.

      5. Предварительное рассмотрение поступивших в Толебийский районный маслихат представлений и подготовку предложений о награждении Грамотой осуществляет один из постоянных комиссий Толебийского районного маслихата.

      6. В случае если представленная кандидатура или наградные материалы не отвечают требованиям, установленным настоящим положением, данное предложение на рассмотрение сессии не вносится.

      7. Решение о награждении Грамотой принимается на сессии Толебийского районного маслихата.

      8. Решение о награждении Грамотой доводится до населения района через средства массовой информации.

      9. Повторное награждение Грамотой не производится.

      10. Вручение Грамоты осуществляется секретарем Толебийского районного маслихата или уполномоченными им лицами на сессии Толебийского районного маслихата, а также на официальных торжественных мероприятиях, проводимых в Толебийском районе.

      Перед вручением Грамоты оглашается решение о награждении.