Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 23.10.2017 № 325 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3 – қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Шардара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 309 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3856 болып тіркелген, № 43 "Шартарап-Шарайна" газетінде 2016 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Алиповке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Кистауов |
Шардара ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 81 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Аудан атауы | Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |||
1 | Шардара ауданы | 4177 |
3467 | 710 |
Шардара ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 81 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | ||
Мемлекеттік бала бақшалар | Жеке меншік бала бақшалар | Мектеп жанындағы шағын орталық |
23331 | 18375,8 | 7131 |
Шардара ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 81 қаулысына 3-қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы |
Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге |
Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге |
398,5 | 597,2 |
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.