Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 309 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 26 қыркүйекте № 3856 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 81 қаулысымен

      
      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 16.03.2017 № 81 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1, 2, 3 – қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Алиповке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы К.Жолдыбай

  Шардара ауданы әкімдігінің
6 қыркүйек 2016 жылғы
№ 309 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы


Аудан атауы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет есебінен

1

Шардара ауданы

4177

3467 оның ішінде: 1514 орын-мемлекеттік балабақшалар, 1026-орын жеке меншік балабақшалар, 927-орын мектеп жанындағы шағын орталық

710

      

  Шардара ауданы әкімдігінің
6 қыркүйек 2016 жылғы
№ 309 қаулысына 2-қосымша

Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге

Мемлекеттік бала бақшалар

Жеке меншік бала бақшалар

Мектеп жанындағы шағын орталық

23331

18375,8

7131

      

  Шардара ауданы әкімдігінің
6 қыркүйек 2016 жылғы
№ 309 қаулысына 3-қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)

398,5

597,2


      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады