Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы Қызылқұм ауылдық округі әкімінің 17.05.2017 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шардара аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 3 ақпандағы № 01-3/25 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қызылқұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тексеруге өткізілген шибөрі жануарынан "Құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Қызылқұм ауылдық округі Қызылқұм ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылқұм ауылдық | |
округінің әкімі | О.Кулиев |