Қызылқұм ауылдық округі Қызылқұм ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Қызылқұм ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 3 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 наурызда № 4004 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Қызылқұм ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы Қызылқұм ауылдық округі әкімінің 17.05.2017 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шардара аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 3 ақпандағы № 01-3/25 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қызылқұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тексеруге өткізілген шибөрі жануарынан "Құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Қызылқұм ауылдық округі Қызылқұм ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқұм ауылдық
      округінің әкімі О.Кулиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады