1. Шардара ауданы Қызылқұм ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 3 "Қызылқұм ауылдық округі Қызылқұм ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4004 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 сәуірдегі "Өскен өңір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Шардара ауданы "Қызылқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
2) осы шешім Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Қызылқұм ауылдық | |
округінің әкімі | О.Кулиев |