Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.04.2020 № 130 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес, "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11223) бұйрығын іске асыру мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 4-4-12/1642-И хаты негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тыңайтқыштардың құнын (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 104 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5024, 2017 жылғы 24 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2017 жылғы 23 мамырдағы № 58 (17453) "Дидар", 2017 жылғы 23 мамырдағы № 58 (19965) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 25-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
25 | YaraVitaRexolinD12 тыңайтқышы DTPA темір хелаты | Fe-11,6 | килограмм | 1744,5 |
YaraVitaRexolinQ40 тыңайтқышы EDDHA темір хелаты | Fe-6 | килограмм |
";
реттік нөмірі 166-шы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
166 | Фосфор-калийлі тыңайтқыштар | Р-18, К-9 | тонна | 20 582,5 |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |