"Тыңайтқыштардың құнын (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 104 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 227 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 5222 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.04.2020 № 130 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес, "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11223) бұйрығын іске асыру мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 4-4-12/1642-И хаты негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тыңайтқыштардың құнын (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 104 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5024, 2017 жылғы 24 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2017 жылғы 23 мамырдағы № 58 (17453) "Дидар", 2017 жылғы 23 мамырдағы № 58 (19965) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      реттік нөмірі 25-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

25

YaraVitaRexolinD12 тыңайтқышы DTPA темір хелаты

Fe-11,6

килограмм

1744,5

YaraVitaRexolinQ40 тыңайтқышы EDDHA темір хелаты

Fe-6

килограмм

                                                                                                                          ";

      реттік нөмірі 166-шы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

166

Фосфор-калийлі тыңайтқыштар

Р-18, К-9

тонна

20 582,5

                                 ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады