Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 18.10.2017 № 413 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Курчатов қаласы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Ю. Глазинскийге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласы әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Глазинский |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2017 жылғы "12" мамырдағы № 179 қаулысына қосымша |
Курчатов қаласы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері
Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қарыжыландыру мөлшері, теңге | |||
Балабақшалар, бөбекжайлар | Шағын орталықтар | ||
Республикалық бюджет | Жергілікті бюджет | Республикалық бюджет | Жергілікті бюджет |
31200 | 25600 | 8900 | 800 |
Кестенің жалғасы:
Тәрбиеленушілер саны, адамдар | Бір айда бір тәрбиеленушіге орташа шығынның құны, теңге | Бір айда ата-аналар ақы мөлшері, теңге | ||
балабақшалар, бөбекжайлар | шағын орталықтар | балабақшалар, бөбекжайлар | шағын орталықтар | |
433 | 135 | 28400 | 4850 | 7900 |