Курчатов қаласы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 179 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 маусымда № 5081 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 18 қазандағы № 413 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 18.10.2017 № 413 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Курчатов қаласы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Ю. Глазинскийге жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы А. Глазинский

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "12" мамырдағы
№ 179 қаулысына қосымша

Курчатов қаласы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері

Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қарыжыландыру мөлшері, теңге

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

31200

25600

8900

800


      Кестенің жалғасы:

Тәрбиеленушілер саны, адамдар

Бір айда бір тәрбиеленушіге орташа шығынның құны, теңге

Бір айда ата-аналар ақы мөлшері, теңге

балабақшалар, бөбекжайлар

шағын орталықтар

балабақшалар, бөбекжайлар

шағын орталықтар

433

135

28400

4850

7900


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады