РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Курчатов қаласы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" жіберілуін;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулынының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет-желісінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары А. Ю. Глазинскийге жүктелсін.
4. Қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Ондақанов |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2017 жылғы "29" желтоқсандағы № 522 қаулысына 1 қосымша |
Курчатов қаласы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақасының мөлшері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 02.10.2018 № 837 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Курчатов қаласы әкімдігінің 2017 жылғы "29" желтоқсандағы № 522 қаулысына 2 қосымша |
Ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 02.10.2018 № 837 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).