РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 – бабының 2 – тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Курчатов қаласы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақасының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5470 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республиқасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 30 қаңтарында және "Мой край" газетінде 2018 жылдың 7 ақпанында жарияланған) Курчатов қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 522 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1- қосымшасы аталған қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған қаулының 2- қосымшасы алынып жойылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте қамтамасыз ету;
1) аталған қаулының аймақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) аталған әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" жолдау;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде аталған қаулынының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізінде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдау;
4) аталған қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыру.
3. Аталған қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары А. Ю. Глазинскийге жүктелсін.
4. Аталған қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Ондаканов |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 қазан № 837 қаулысына қосымша |
Курчатов қаласы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақасының мөлшері
Бір айда бір тәрбиеленушінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы | ||||||
Мекеме атауы | Тәрбиеленушілер саны (адам) | Бір айға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруге мемлекеттік тапсырыс көлемі, теңге | Ата-ана төлемі, бір айға, теңге | |||
барлығы | Соның ішінде | Соның ішінде | ||||
Толық күнді болумен | Жарты күн болумен | Толық күнді болумен | Жарты күн болумен | |||
"Курчатов қаласының "Күншуақ" балабақшасы" МКҚК | 145 | 145 | - | 29917 | - | 8500 |
"Курчатов қаласы әкімдігінің "Журавушка" балабақшасы" МКҚК | 50 | 50 | - | 32000 | - | 8500 |
"Ақ-бөбек" ЖШС | 60 | 60 | - | 28000 | - | 8500 |
"Курчатов қаласының № 2 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ жанындағы шағын орталық | 50 | 25 | 25 | 19954 | 7319 | 8500 |
"Курчатов қаласының № 3 орта мектебі" КММ жанындағы шағын орталық | 75 | 25 | 50 | 19954 | 7319 | 8500 |