Курчатов қаласы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 522 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 қаңтарда № 5470 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Курчатов қаласы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" жіберілуін;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулынының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет-желісінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары А. Ю. Глазинскийге жүктелсін.

      4. Қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қала әкімі А. Ондақанов

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2017 жылғы
"29" желтоқсандағы
522 қаулысына 1 қосымша

Курчатов қаласы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақасының мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 02.10.2018 № 837 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Бір айда бір тәрбиеленушінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мекеме атауы

Тәрбиеленушілер саны (адам)

Бір айға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруге мемлекеттік тапсырыс көлемі, теңге

Ата-ана төлемі, бір айға, теңге

барлығы

Соның ішінде

Соның ішінде

Толық күнді болумен

Жарты күн болумен

Толық күнді болумен

Жарты күн болумен

"Курчатов қаласының "Күншуақ" балабақшасы" МКҚК

145

145

-

29917

-

8500

"Курчатов қаласы әкімдігінің "Журавушка" балабақшасы" МКҚК

50

50

-

32000

-

8500

"Ақ-бөбек" ЖШС

60

60

-

28000

-

8500

"Курчатов қаласының № 2 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ жанындағы шағын орталық

50

25

25

19954

7319

8500

"Курчатов қаласының № 3 орта мектебі" КММ жанындағы шағын орталық

75

25

50

19954

7319

8500

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2017 жылғы
"29" желтоқсандағы
522 қаулысына 2 қосымша

Ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 02.10.2018 № 837 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады