"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 12/6-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 10 шілдеде № 5120 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 40/5-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 18.10.2019 № 40/5-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2779 болып тіркелген, 2012 жылғы 23-31 желтоқсанда № 48 "Абай елі" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасы 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Абай аудандық мәслихатының кейбір шешімдері 2 қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Елубаев
      Мәслихат хатшысы Е. Лдибаев

  Абай аудандық мәслихатының
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 12/6-VІ шешіміне
1 қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;

      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;

      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      3. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық-қызметтер көрсету ақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледі.

      Коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (бұдан әрі – уәкілетті орган) табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген коммуналдық қызметтерге тарифтердi, олардың өзгерiстерiн ұсынады. Тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде қызмет көрсетушiлер ұсынған жылудың шығындалуы тұрғын үй алаңының әлеуметтiк нормалары шегiнде есепке алынады.

      Көмір құнын есептеу үшін аудан бойынша Шығыс Қазақстан облыстық статистика департаменті ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады.

      Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін уәкілетті орган көрсетеді.

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат, не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына өтініш береді және Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының 9 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысының 4-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.

      6. Алғаш өтініш жасаған кезде тұрғын үй көмегі қажетті құжаттар тізбесімен бірге өтініш берген айдан бастап тағайындалады.

      7. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға тоқсан сайын өтініш жасаған кезде, тұрғын үй көмегі өтініш жасаған тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады. Егер алдыңғы тоқсанда құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.

      8. Жергiлiктi жылумен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айдан тәуелсiз жылына бiр рет тоқсанға тағайындалады.

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-іне дейін қабылданады.

      10. Тұрғын үй көмегі көрсетілмейді:

      1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген;

      2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда: бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды, мүгедек топтары жоқ туберкулез, онкологиялық, психоневрологиялық диспансерлерінде тіркеуде тұрған тұлғалар;

      3) құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жоқ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;

      4) егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген.

      11. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды қайта бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

      12. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, электр жүйесiмен, газбен қамтамасыз етуге арналған шығыстар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Сумен қамтамасыз ету, су бұру, жылу энергиясы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтерi үшiн шығыстар қызмет көрсетушiлердiң тарифтерi бойынша ескерiледi.

      13. Жылу энергиясын тұтынуды үйге ортақ есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша үйге ортақ есепке алу құралдары бар үйлерді жылытуға жылу энергиясын тұтыну нормалары шегінде анықталады.

      14. Үйлерде орталықтандырылған жылыту болмаған жағдайда жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге төлем мөлшері электр энергиясына есептелген сомадан үйге ортақ есепке алу құралдары бар үйлерді жылытуға жылу энергиясын тұтыну нормалары және ыстық сумен қамтамасыз етуге белгіленген тарифтер шегінде есептеледі.

      15. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, жетімдер, қамқорлықтағылар, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептегенде кіріс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен сол уақыт кезеңіне сәйкес белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).

      16. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі шарттар қолданылады:

      1) өтініш беруші заңды некеде тұрса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса – ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген зайыбының мекен-жайы бойынша тұрғын үй көмегі тағайындалады;

      2) өтініш берушінің үйінде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда – баланың ата-анасының табыстары есептеледі.

      17. Тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз уәкілетті органның шешімі болып табылады.

      18. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез келген өзгерістері туралы хабардар етеді.

      Өтініш берушілер ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапты болады.

      19. Негізсіз алынған тұрғын үй көмегiнің сомалары алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері

      20. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарды, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      21. Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесi отбасының жиынтық табысына қарай 10 % мөлшерiнде белгiленедi.

      22. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу кезінде келесі нормалар ескеріледі:

      1) алаңдар:

      жалғыз басты тұрып жатқан азаматтарға – 30 шаршы метр ;

      2 адамнан тұратын отбасына – 30 шаршы метр;

      3 адамнан тұратын отбасына – 38,52 шаршы метр;

      4 және одан артық тұратын отбасына – әрбір адамға 15 шаршы метр, бірақ 38,52 шаршы метр көп емес;

      2) газ шығыны – жер үй құрылыстарында тұратын отбасылар үшін – айына 1 (бір) баллон;

      3) бiр айға электр энергиясын тұтыну:

      1 адамға – 70 кВт;

      2 адамға – 140 кВт;

      3 және одан артық адамға – 210 кВт;

      4 және одан артық адамға – 280 кВт;

      4) тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метріне көмірдің шығыны – 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг артық емес.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      23. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

5. Қорытынды ережелер

      24. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

  Абай аудандық мәслихатының
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 12/6-VІ шешіміне 2 қосымша

Абай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі

      1."Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 20/5-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3335 болып тіркелген, 2014 жылғы 23-31 мамырда № 18 "Абай елі" газетінде жарияланған);

      2."Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/4-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3650 болып тіркелген, 2015 жылғы 25-31 қаңтарда № 4 "Абай елі" газетінде жарияланған);

      3."Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 ақпандағы № 26/2-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3719 болып тіркелген, 2015 жылғы 16-22 наурызда № 11 "Абай елі" газетінде жарияланған);

      4."Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 28/3-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3900 болып тіркелген, 2015 жылғы 1-7 мамырда № 17 "Абай елі" газетінде жарияланған);

      5."Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 28/3-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 29/8-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4062 болып тіркелген, 2015 жылғы 15-23 тамызда № 31 "Абай елі" газетінде жарияланған);

      6."Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 3/7-VІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4586 болып тіркелген, 2016 жылғы 16-23 шілдеде № 27, 24-31 шілдеде № 28 "Абай елі" газетінде жарияланған).

О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 21 ноября 2012 года № 8-7 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"

Решение Абайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 26 июня 2017 года № 12/6-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 10 июля 2017 года № 5120. Утратило силу решением Абайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 18 октября 2019 года № 40/5-VI

      Сноска. Утратило силу решением Абайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 18.10.2019 № 40/5-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлениями Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства", Абайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Абайского районного маслихата от 21 ноября 2012 года № 8-7 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2779, опубликовано в газете "Абай елі" от 23-31 декабря 2012 года № 48) следующее изменение:

      Правила о размере и порядке оказания жилищной помощи, утвержденных указанным решением изложить в новой редакции согласно приложению 1.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Абайского районного маслихата согласно приложению 2.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Елубаев
      Секретарь маслихата Е. Лдибаев

  Приложение 1 к решению
Абайского районного маслихата
от 26 июня 2017 года № 12/6-VІ

Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях", постановлениями Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" и определяют размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности на оплату:

      1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов на содержание жилого дома (жилого здания).

      Поставщики коммунальных услуг представляют в ГУ "Отдел занятости и социальных программ Абайского района" (далее – уполномоченный орган) тарифы на коммунальные услуги, их изменения, согласованные с уполномоченным органом по регулированию естественных монополий и защите конкуренции. При расчете жилищной помощи учитываются потери тепла, предъявляемые услугодателями, в пределах социальных норм площади жилья.

      Для расчета стоимости угля используются средние цены по району, представляемые Департаментом статистики Восточно-Казахстанской области информации по состоянию на последний месяц квартала, предшествующего кварталу расчета жилищной помощи.

      Норму расхода и стоимость другого вида топлива, используемого для местного отопления частного домостроения, при расчете жилищной помощи считать эквивалентной норме расхода и стоимости угля.

2. Порядок назначения жилищной помощи

      4. Государственную услугу "Назначение жилищной помощи" оказывает уполномоченный орган.

      5. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин, либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) ежеквартально обращается в Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz с заявлением и предоставляет перечень документов согласно пункту 9 стандарта государственной услуги "Назначение жилищной помощи", утвержденного приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства и пункту 4 постановления Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" .

      6. При первичном обращении жилищная помощь назначается с месяца, в котором подано заявление с необходимым перечнем документов.

      7. При обращении заявителя за назначением жилищной помощи ежеквартально, жилищная помощь назначается за квартал, независимо от времени представления документов в квартале обращения. В случае если документы за предшествующий квартал не представлялись, назначение жилищной помощи осуществляется с месяца обращения.

      8. Семьям (гражданам), проживающим в индивидуальных жилых домах с местным отоплением, жилищная помощь назначается один раз в год за квартал независимо от месяца обращения.

      9. Документы для назначения жилищной помощи принимаются до 25 числа последнего месяца текущего квартала.

      10. Жилищная помощь не оказывается:

      1) имеющим на праве собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающим жилые помещения в наем;

      2) имеющим в составе трудоспособных лиц, которые не работают, не учатся, не служат в армии и не зарегистрированы в уполномоченном органе по вопросам занятости, за исключением: лиц, осуществляющих уход за инвалидами первой и второй групп, детьми-инвалидами в возрасте до 18 лет, лицами старше восьмидесяти лет, матерей, занятых воспитанием ребенка в возрасте до семи лет, лиц, состоящих на учете в туберкулезном, онкологическом, психоневрологическом диспансерах не имеющих группы инвалидности;

      3) имеющим в составе лиц, состоящих в законном браке, которые не знают (не указывают) местонахождение отсутствующего супруга и не обращались по этому вопросу в правоохранительные органы;

      4) если родители разведены и не подали иск о взыскании алиментов на проживающих с ними детей.

      11. Семьи, в которых безработные члены семьи без уважительных причин отказались от предложенной работы или трудоустройства, самовольно прекратившие участие в общественных работах, обучении или переобучении, теряют право на получение жилищной помощи до возобновления трудоустройства, обучения и переобучения.

      12. Расходы на содержание жилого дома (жилого здания), электроснабжение, газоснабжение учитываются средние за квартал, предшествующий кварталу обращения. Расходы за водоснабжение, водоотведение, теплоэнергию, вывоз твердых бытовых отходов, услуги телекоммуникаций учитываются по тарифам услугодателей.

      13. Расходы, принимаемые к расчету для потребителей, имеющих общедомовые приборы учета потребления тепловой энергии, определяются по фактическим затратам за предшествующий квартал, в пределах нормы потребления тепловой энергии на отопление домов с общедомовыми приборами учета.

      14. В случае отсутствия в домах централизованного отопления, размер оплаты за отопление и горячее водоснабжение рассчитывается из начисленной суммы за электроэнергию в пределах нормы потребления тепловой энергии на отопление домов с общедомовыми приборами учета и установленных тарифов на горячее водоснабжение.

      15. С целью поддержки семей, в состав которых входят пенсионеры, инвалиды, дети-инвалиды, сироты, опекаемые, четверо и более несовершеннолетних детей, при расчете жилищной помощи доход корректируется (уменьшается) на два месячных расчетных показателя, установленного на соответствующий период времени законодательными актами Республики Казахстан.

      16. При назначении жилищной помощи применяются следующие условия:

      1) заявитель находится в законном браке, но супруг не прописан по данному адресу – учитываются доходы обоих супругов и жилищная помощь назначается по адресу ходатайствующего о жилищной помощи супруга;

      2) у заявителя прописан ребенок до 18 лет, родители которого не лишены родительских прав и прописаны в другом месте – учитываются доходы родителей ребенка.

      17. Основанием для предоставления жилищной помощи является решение уполномоченного органа.

      18. Получатели жилищной помощи в течение 10 рабочих дней информируют уполномоченный орган о любых изменениях формы собственности своего жилья, состава семьи, ее совокупного дохода и статуса.

      Заявители несут ответственность за достоверность представленных сведений в установленном законодательством порядке.

      19. Необоснованно полученные суммы жилищной помощи подлежат возврату получателем в добровольном порядке, а в случае отказа в установленном законодательством порядке.

3. Размер жилищной помощи, нормативы содержания жилища и потребления коммунальных услуг

      20. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.

      21. Доля предельно–допустимых расходов семьи устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 10 %.

      22. При расчете размера жилищной помощи учитываются следующие нормы:

      1) площади:

      для одиноко проживающих граждан – 30 кв.м;

      для семьи из 2-х человек – 30 кв.м;

      для семьи из 3-х человек – 38,52 кв.м;

      для семьи из 4-х и более человек – по 15 кв.м на каждого, но не более 38,52 кв.м.

      2) расхода газа для семей проживающих в частных домостроениях – 1 (один) баллон в месяц;

      3) потребления электроэнергии в месяц:

      при проживании 1-го человека – 70 кВт;

      при проживании 2-х человек – 140 кВт;

      при проживании 3-х человек – по 210 кВт;

      при проживании 4-х человек – по 280 кВт;

      4) расхода угля на 1 кв.м. общей площади жилого домостроения – 129,8 кг, но не более 5000 кг на дом.

4. Выплата жилищной помощи

      23. Выплата жилищной помощи осуществляется через банки второго уровня, путем зачисления на лицевые счета получателей.

5. Заключительные положения

      24. Отношения, не урегулированные настоящими Правилами, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

  Приложение 2 к решению
Абайского районного маслихата
от 26 июня 2017 года № 12/6-VІ

Перечень утративших силу некоторых решений маслихата Абайского района

      1. Решение Абайского районного маслихата от 17 апреля 2014 года № 20/5 – V "О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 21 ноября 2012 года № 8-7 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3335, опубликованного в газете "Абай елі" от 23-31 мая 2014 года № 18);

      2. Решение Абайского районного маслихата от 24 декабря 2014 года № 25/4– V "О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 21 ноября 2012 года № 8-7 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи". (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3650, опубликованного в газете "Абай елі" от 25-31 января 2014 года № 4);

      3. Решение Абайского районного маслихата от 13 февраля 2015 года № 26/2 – V " О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 21 ноября 2012 года № 8-7 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3719, опубликованного в газете "Абай елі" от 16-22 марта 2015 года № 11);

      4. Решение Абайского районного маслихата от 8 апреля 2015 года № 28/3 – V "О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 21 ноября 2012 года № 8-7 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3900, опубликованного в газете "Абай елі" от 1-7 мая 2015 года № 17);

      5. Решение Абайского районного маслихата от 13 июля 2015 года № 29/8–V "О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 8 апреля 2015 года № 28/3 – V "О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 21 ноября 2012 года № 8-7 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи". (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4062, опубликованного в газете "Абай елі" от 15-23 августа 2015 года № 31);

      6. Решение Абайского районного маслихата от 17 июня 2016 года № 3/7 – VІ "О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 21 ноября 2012 года № 8-7 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4586, опубликованного в газете "Абай елі" от 24-31 июля 2016 года № 28).