Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 26.06.2017 № 12/6-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43, 43-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 13.07.2015 № 29/8-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" 2012 жылғы 21 қарашадағы Абай аудандық мәслихатының № 8-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2779 болып тіркелген, 2012 жылғы 23-31 желтоқсанда "Абай елі" газетінің № 48 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы орыс тілінде жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тілде тақырыбы өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Белібаев |
Мәслихат хатшысы | Т. Аманғазы |